Қолданысқа енгізу
- Керек-жарақтарды алмастырудан немесе ыстық ауа пистолетін ары қоюдан бұрын аккумуляторды шығарыңыз. Осы сақтық шарасы ыстық ауа пистолетінің кенет іске қосылуына жол бермейді.
Металл беттер зауыттан тот басудан қорғайтын қаптамамен қорғалып шығарылады. Бұл қорғаныш қаптама алғаш рет қолданысқа енгізген кезде буға айналады.
Өндірістік процесс барысында ыстық ауа пистолетінің саптамасында (1) түссіздену орын алуы мүмкін. Бұл зақым болып есептелмейді және ыстық ауа пистолетінің жұмысына әсер етпейді.
Қуат деңгейін реттеу (3) арқылы 2 түрлі қуат деңгейінің бірін таңдауға болады. Ауыстырып қосқан кезде, жарық диодты жұмыс шамы қысқаша жыпылықтайды:
- 300 °C деңгейі
Бұл деңгей арқылы, мысалы, су құбырларын ерітуге немесе термошөгімді шлангілерді өңдеуге болады. Қосқаннан кейін, бұл температураға 6 секундтан аз уақытта қол жеткізіледі. Толық зарядталған 8 А‑сағ аккумулятормен жұмыс уақыты ең көбі 21 минут құрайды. - 500 °C деңгейі
Бұл деңгей арқылы, мысалы, лакты кетіруге болады.
Қыздыру уақыты бойынша мәліметтер бөлме температурасындағы өлшеу әрекеттеріне қатысты болып келеді.
Қосу үшін алдымен босату қосқышын (4) басып, содан кейін ажыратқышты (5) басыңыз. Іске қосқаннан кейін босату қосқышын (4) жіберуге болады, босату қосқышын (4) жұмыс барысында ары қарай басу қажет емес.
Ыстық ауа пистолетін іске қосқан кезде, жарық диодты жұмыс шамы (6) қосылып, жұмыс аймағын жарықтандырады.
Егер аккумулятор (8) жұмыс істеп тұрғанда ыстық ауа пистолетінен шығарылса және ажыратқыштың (5) басылып тұрған күйінде қайта салынса, қайта іске қосылудан қорғаныс іске қосылады. Жарық диодты жұмыс шамы (6) жыпылықтап, ыстық ауа пистолеті іске қосылмайды.
Ажыратқышты (5) жіберіңіз және содан кейін ыстық ауа пистолетін әдеттегідей қосыңыз.
Егер аккумулятор (8) жұмыс барысында тым қатты қызып кетсе, қуат азайтылады. Жарық диодты жұмыс шамы (6), ажыратқыш (5) басылған кезде, баяу жыпылықтайды.
Ыстық ауа пистолеті ары қарай пайдаланылған және аккумулятор температурасы ары қарай көтерілген жағдайда, ыстық ауа пистолеті өз бетінше өшіп қалады.
Ыстық ауа пистолеті Bosch Professional ұсынған қолданыстағы барлық 18 В аккумуляторлармен үйлесімді.
Ұсынылған 4 А-сағ шамасынан кіші аккумуляторлары бар ыстық ауа пистолеті пайдаланылған жағдайда, ыстық ауа пистолеті 500 °C деңгейінде толық қуат көлеміне жетпейді (температураға қол жеткізілмейді және ауа мөлшері азаяды). Ыстық ауа пистолетінің тек азайтылған қуатпен жұмыс істегенін көрсету үшін, жарық диодты жұмыс шамы (6) қосу кезінде бірнеше рет баяу ырғақпен жыпылықтайды.
Жарық диодты жұмыс шамы (6) жарық диодты күй индикаторы ретінде де қолданылады.
Жарық диоды арқылы хабар | Оқиға сипаттамасы |
---|---|
Қысқаша жыпылықтау | Температура өзгерісі |
Ыстық ауа пистолетін іске қосқан кездегі бірнеше рет жыпылықтау | Азайтылған қуат (қолданылатын аккумулятор < 4 А-сағ) |
Ажыратқыш (5) басылған кездегі баяу ырғақпен жыпылықтау | Қайта іске қосылудан қорғаныс |
Аккумуляторға арналған қатты қызудан қорғаныс | |
Ажыратқыш (5) басылған кездегі жылдам ырғақпен жыпылықтау | Ішкі қате |
Егер ыстық ауа пистолетінде ішкі қате ұзақ уақыт көрсетілсе (ыстық ауа пистолеті іске қосылмайды немесе жұмыс істеп тұрғанда өшіп қалады), қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.