Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.
- Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
- Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып қойыңыз.
- Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
- Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
- Алюминийді аралау кезінде өрт қаупіне жол бермеу үшін астыңғы ара дискісінің қақпағын босатыңыз және жоңқа сорғышты пайдаланбаңыз.
Дайындаманың сынықтарын және үлкен жоңқаны шығарып алу үшін төменгі ара дискісінің қаптамасын (44) ашуға болады.
- Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан суырып алыңыз.
- Ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
- Электр құралын бүйіріне аударыңыз.
- Едендік торды (31) ашыңыз (a суретін қараңыз).
- Төменгі ара дискісі қаптамасының ысырмаларын (45) бір-бірінен сәл ары тартып, төменгі ара дискісінің қаптамасын (44) қайырыңыз.
- Дайындаманың сынықтары мен жоңқаны шығарып алыңыз.
- Төменгі ара дискісінің қаптамасын (44) ысырмалар (45) тірелгенше қайтадан жауып қойыңыз.
- Едендік торды (31) жауып қойыңыз.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.