Аккумуляторды зарядтау
- Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің сорғышыңыздың ішінде литий-иондық аккумулятормен сәйкес.
Нұсқау:аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор босағанда аккумуляторлық шаңсорғыш сақтағыш өшіргіш арқылы өшіріледі.
- Сорғыш автоматты түрде өшкеннен кейін, қосу/өшіру түймесін бұдан былай баспаңыз. Аккумулятор зақымдалуы мүмкін.