Техникалық қызмет көрсету және тазалау
- Шаңсорғышқа қызмет көрсету немесе оны тазалаудан, құрылғыны ретегеннен, жабдықтарды алмастырудан немесе шаңсорғышты сақтауға қоюдан алдын аккумуляторды шығарып қойыңыз. Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
- Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
Сорғыштың корпусын мезгіл-мезгіл дымқыл шүберекпен тазалап тұрыңыз.
Ластанған зарядтау контактілерін құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
Шаңсорғыш жақсы жұмыс істеуі үшін, (6) шаң жинағышын әр қолданыстан кейін тазалаңыз.
- Шаңсорғышты қалдықтарға арналған контейнердің үстінде ұстаңыз.
- Босату түймесін (7) басып, қалдықтар жапқышын (8) ашыңыз.
- Шаң жинағышты (6) қағыңыз.
- Қалдықтар жапқышы (8) өз орнына келетіндей етіп, оны жабыңыз.
- Қажет болса, тұрпайы тазарту сүзгісін (1) босатып, айналмалы ауа ағыны (17) мен сүзгіні (16) тазалаңыз.
- Шаңсорғышты ашқан кезде шаң шашылып кетпеуі үшін, шаңсорғышты суретте көрсетілгендей сәл төмен ұстаңыз.
- Босату түймесін (2) басып, шаң жинағышты (6) мотор корпусынан (5) шығарып алыңыз (E1 суретін қараңыз).
- Сүзгі тұтқасынан (15) ұстап, айналмалы ауа ағыны блогын (17) сүзгімен (16) бірге шаң жинағыштан (6) алып тастаңыз (E2 суретін қараңыз).
- Шаң жинағыш (6) пен айналмалы ауа ағыны блогын (17) контейнерге сілкіп босатыңыз (E3 суретін қараңыз).
- Айналмалы ауа ағыны блогын (17) сүзгімен бірге (6) шаң жинағышқа орнатыңыз.
- Сүзгілер бекіткішін (18) жоғары басып, сүзгіні (16) алып тастаңыз (F1–F2 суретін қараңыз).
- Шаңды тазалау үшін сүзгімен қатты бетті ақырын түртіңіз.Зақымдалған сүзгіні ауыстырыңыз.
- Тазартылған сүзгіні (16) айналмалы ауа ағыны блогына (17) орнатыңыз.
- Шаң жинағышты (6) мотор корпусының (5) төменгі жағына іліңіз. Шаң жинағышты мотор корпусына сәл басып итеріңіз.
Құрылғы дұрыс жұмыс істеуі үшін, шаң жинағыш (6) пен тұрпайы тазарту сүзгісін (1) жүйелі түрде босатып, айналмалы ауа ағыны блогы (17) мен сүзгіні (16) тазалап тұрыңыз.
Сору қуаты жеткіліксіз болса, төмендегіні тексеріп шығыңыз:
- Шаң жинағыш (6) толып кеткен бе?
▷ Шаң жинағышты босатыңыз. - Тұрпайы тазарту сүзгісіне (1) қоқыс жиналып қалған ба?
▷ Тұрпайы тазарту сүзгісін босатыңыз. - Айналмалы ауа ағыны блогына (17) немесе сүзгіге (16) шаң жиналып қалған ба?
▷ Айналмалы ауа ағыны блогы мен сүзгіні тазалаңыз. - Аккумулятор (4) қуаты тым төмен бе?
▷ Аккумуляторды зарядтаңыз.
Бұдан кейін сору қуаты артпаса, Bosch клиенттерге қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.