Жұмыс режимін таңдау
Электр құралының әр моделінде алдын ала анықталған 2 жұмыс режимі бар:
GDR 18V-215: Автоматты түрде баяулату (ағаш) және автоматты түрде өшіру (металл)
GDX 18V-285: Автоматты түрде өшіру (ABR) және автоматты түрде өшіру (металл)
Жұмыс режимдерінің арасында ауысу үшін режим түймесін (20) басыңыз.
Алдын ала анықталған жұмыс режимі | Функция | Ұсынылатын қолданыс |
---|---|---|
ABR (GDX 18V-285) | Автоматты түрде өшіру (ABR) – гайкаларды босатуға арналған функция: бұранда гайкасы босатылған жағдайда, электр құралы автоматты түрде өшіп қалады. Автоматты түрде өшіру функциясы, бұранда оймасы босаған кезде, бұранда гайкасын түсіп кетуден сақтайды. Нұсқау: бұл жұмыс режимін, электр құралы солға айналу режимінде пайдаланылғанда ғана іске қосуға болады. | Бұранда өлшемі: M12 |
Автоматты түрде өшіру (металл) (GDR 18V-215 және GDX 18V-285) | Автоматты түрде өшіру (металл) режимінде айналу моменті көтерілгенде және соққы функциясы іске қосылғанда, электр құралы автоматты түрде тоқтап қаладыA). Бұл жұмыс режимі бұранданың берік қатайтылуына жол бермейді. Нұсқау: материал түріне, бұрандаларға және пайдаланушы салған күшке байланысты нәтиже өзгешеленуі мүмкін. Дайындамада қандай да бір жұмысты бастамас бұрын сынақ жұмыс өткізіңіз. | Материал: металл (2 мм) Өздігінен оятын бұранда: 4,2 x 25 мм |
Автоматты түрде баяулату (ағаш) (GDR 18V-215) | Автоматты түрде баяулату (ағаш) жұмыс режимінде электр құралы қатайту кезіндегі айналу жиілігін төмендетеді (соққы механизмі әрекет етуде)A). Бұл жұмыс режимі пайдаланушыға ажыратқышты (9) жіберуге жеткілікті уақыт беру арқылы бұранданың берік қатайтылуына жол бермейді. Нұсқау: автоматты түрде баяулату (ағаш) жұмыс режимінде айналу жиілігін алдын ала таңдау мүмкін емес. Нұсқау: автоматты түрде баяулату (ағаш) жұмыс режимінде ұзындығы < 50 мм бұрандалар пайдаланылса және соққы анықталмаса, электр құралы айналу жиілігін дер кезінде төмендете алмауы мүмкін. | Материал: ағаш Ағаш бұрандасы: 5 x 50 мм |
- A)
Автоматты түрде өшіру (металл) және автоматты түрде баяулату (ағаш) жұмыс режимдерін, ажыратқыш (9) толықтай басылғанда және бұрандалар толықтай бұрап кіргізілгенде ғана іске қосуға болады.