Айналу жиілігін алдын ала таңдау

Айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесі (15) арқылы қажетті айналу жиілігін 2 деңгейде алдын ала таңдауға болады.

Айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесін (15), айналу жиілігінің индикаторында (16) қажетті реттеу көрсетілгенше басыңыз. Таңдалған реттеу сақталады.

Қажетті айналу жиілігін материалмен жұмыс істеу жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.

Төмендегі кестеде ұсынылған мәндер берілген.

Деңгей бойынша айналу жиілігінің негізгі реттеуі

1

2

[мин-1]

[мин-1]

Айналу жиілігі деңгейлерінің саны

2 (GDR 18V-215)

0–2100

0–3300

2 (GDX 18V-285)

0–2000

0–2800

Айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесімен (15) қажетті айналу жиілігін жұмыс істеген кезде де алдын ала таңдауға болады.