Пайдалану нұсқаулары
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу керек.
Плиткаларды бұрғылау үшін ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрғылау“ белгісіне орнатыңыз. Плитканы тесіп өткеннен соң аустырып-аустырып қосышты „перфоратормен бұрағылау“белгісіне өткізіп соққымен істеңіз.
Бетон, тас және құрылыста қатты метал бұрғысын пайдаланыңыз.
Металда бұрғылау үшін жоғары сапалы, тез кесетін болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды пайдаланыңыз. Bosch керек-жарақтары бағдарламасы тиісті сапаға кепілдік береді.
Бұрғы өткірлеу құралымен (керек-жарақ) 2,5–10 мм диаметрлік спиральді бұрғыны өткірлеуге болады.
Айрықша дәлдікті талап ететін жұмыстар үшін бұрғылау станинасын (керек-жарақ) пайдаланыңыз.
Керек-жарақ ретінде берілетін білдек қысқышы дайындаманы мықтап қысуға көмектеседі. Бұл дайындаманың бұралуына және пайда болатын жазатайым оқиғаларға жол бермейді.