Пайдалануға ендіру
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
- Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (5) электр құралының айналу бағытын өзгертуге мүмкіндік береді. Дегенмен ажыратқыш (7) басылса, бұл әрекетті орындау мүмкін болмайды.
Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) сол жағынан жоғары жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан төмен қарай жылжытыңыз.
Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) сол жағынан төмен қарай жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан жоғары қарай жылжытыңыз.