Қорғаныш аспапты орнату
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
- Кесу үшін әрдайым кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (7) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қамтаманы (6) монтаждалған кесуге арналған қаптамамен (8) бірге пайдаланыңыз.
- Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.
Қорғағыш қаптама (7) сонымен бірге тегістеуге арналған қорғағыш қаптама (6) ретінд де орнатылады.
Кесуге арналған қаптама
Кесуге арналған қаптаманы (8) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (6) монтаждаңыз (A суретін қараңыз): иінтіректі кері қайырыңыз (➊). Қаптаманы (8) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (6) кигізіңіз (➋). Иінтіректі қорғаныш қаптамаға (6) қайтадан мықтап басыңыз (➌).
Бөлшектеу үшін (B суретін қараңыз) иінтіректі кері қайырыңыз (➊). Қаптаманы (8) қорғаныш қаптамадан (6) тартып алыңыз (➋).
Бағыттауыш ойықтары бар кесуге арналған қорғаныш қаптама (24) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамамен бірдей орнатылады.
Бағыттауыш ойықтары бар сорғыш қаптамаға (24) жарамды Bosch шаңсорғышын жалғауға болады. Ол үшін сорғыш шлангіні сору адаптерімен сорғыш қаптаманың арнайы кіріс келте құбырына жалғаңыз.
Нұсқау: сору кезінде сорғыш шлангідегі және керек-жарақтағы шаңнан пайда болған үйкеліс электрстатикалық зарядты тудырады, пайдаланушы бұл зарядты статикалық разряд ретінде сезуі мүмкін (қоршған ортаға және өзінің физиологиялық қалпына байланысты). Bosch компаниясы жалпы бойынша ұсақ шаңды және құрғақ материалдарды сору үшін антистатикалық сорғыш шлангіні (керек-жарақ) пайдалануға кеңес береді.
Қосымша тұтқаны (4)/(3) жұмыс тәсіліне байланысты редуктор бастиегінің оң немесе сол жағына бұрап бекітіңіз.
- Электр құралын тек қосымша тұтқамен бірге пайдаланыңыз: (4)/(3).
- Қосымша тұтқа (4)/(3) зақымдалған жағдайда, электр құралын әрі қарай пайдаланбаңыз. Қосымша тұтқаға (4)/(3) ешқандай өзгерістер жасамаңыз.
Діріл басқыш қосымша тұтқа (3) дірілсіз және жайлы әрі қауіпсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.