Түймелі элементті іске қосу (A суретін қараңыз)

Алғаш рет іске қосу үшін түймелі элемент (11) пен оның контактісінің арасындағы аралық үлдірді алып тастаңыз.

Ақырғы мобильді құрылғы аккумуляторлық шамды аккумулятор (14) салынбаған кезде де анықтай алуы үшін, шам түймелі элементпен жабдықталған.

Аккумулятор қақпағының бекіткішін (2) босатып, аккумулятор қақпағын (3) ашыңыз.

Батарея бөлімі қақпағының бұрандасын (9) босатып, батарея бөлімінің қақпағын (10) шығарыңыз.

Түймелі элемент контактісінің үлдірін алып тастап, батарея бөлімінің қақпағын бұрандамен қайтадан жауып қойыңыз.