Пайдалануға ендіру
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр құралын қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А сақтандырғышта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Нұсқау: Электр құралы қосылғаннан кейін бірден толық айналу жиілігімен жұмыс істесе, бұл іске қосу тогын шектеудің және қайта қосылудан қорғаныстың істен шыққанын білдіреді. Электр құралын қызмет көрсету орталығына жіберу керек.