Қатты немесе икемді орнату
- Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
Жұмыс бетіне монтаждау (b1 суретін қараңыз)
- Электр құралын жарамды бұрандалы қосылыммен жұмыс бетіне бекітіңіз. Ол үшін саңылаулар (8) пайдаланылады.
немесе
- Электр құралының аяқтарын стандартты бұрандалы қысқыштармен жұмыс аймағына бекітіңіз.
Bosch жұмыс үстеліне орнату
(b2 суретін қараңыз)
(GTA 2500 W, GTA 3700, GTA 3800)
Bosch ұсынған GTA жұмыс үстелдері электр құралдарын биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген бетте бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама тіреуіштері ұзын дайындамаларды тіреуге арналған.
- Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
- Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін мінсіз құру маңызды болып қалады.
- Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне орнатыңыз.