Қолданысқа енгізу
- Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (7) басыңыз.
Пайдаланушы интерфейсі жанады.
Бірмәртелі іске қосу белсенді болып, бірмәртелі іске қосу индикаторы (27) жанады.
- Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (7) басыңыз.
- Электр құралын қосыңыз.
- Ауызды (16) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы (2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік орнатыңыз.
Жұмыс шамы жанып, қозғалтқыш іске қосылады. - Содан кейін іске қосу құрылғысын (6) қысқа уақыт басыңыз да, жіберіңіз.
Сонда шеге шығарылады. - Электр құралын дайындамадан кері жылжытыңыз.
- Кейінгі қағу процесі үшін электр құралын дайындамадан толықтай шығарып, оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз.
- Электр құралын қосыңыз.
- Режим түймесін (26) қысқаша басу арқылы түйіспелі іске қосу режимін белсендіріңіз.
Түйіспелі іске қосу индикаторы (28) жанады. - Іске қосу құрылғысын (6) басып тұрыңыз.
Жұмыс шамы жанып, қозғалтқыш іске қосылады. - Ауызды (16) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы (2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік орнатыңыз.
Сонда шеге шығарылады. - Қағу әрекетін жалғастыру үшін іске қосу құрылғысын (6) ары қарай басып тұрыңыз және электр құралын дайындамадан толықтай көтеріп алыңыз. Оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз.
- Режим түймесін (26) қайта басу арқылы бірмәртелі іске қосу режиміне ауысыңыз.
Бірмәртелі іске қосу индикаторы (27) жанады.