Бұрғылау патронын алмастыру
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату/шығару
GBH 18V-26
Құралдармен SDS-plus құралынсыз жұмыс істеу үшін (мысалы, цилиндрлік сағасы бар бұрғылар) тиісті бұрғылау патронын орнатуыңыз керек (мысалы, тісті тәж немесе жылдам ауыстырылатын бұрғылау патроны, керек-жарақтар).
Аустырмалы бұрғылау патронын шығару/орнату
GBH 18V-26 F
Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығару (C суретін қараңыз)
- Ауыстырмалы бұрғылау патронының құлыптау сақинасын (6) артқа тартып, оны осы күйде ұстап тұрыңыз және SDS-plus ауыстырмалы бұрғылау патронын (2) немесе ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) алға тартып шығарыңыз.
- Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығарғаннан кейін кірден тазалап шығыңыз.
Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнату (D суретін қараңыз)
- Тек үлгіге тән түпнұсқа жабдықтарды пайдаланыңыз және ортаға дәлдеу ойықтарының (25) санына назар аударыңыз. Тек қана екі немесе үш ортаға дәлдеу ойығы бар ауыстырмалы бұрғылау патронын пайдалануға рұқсат етіледі. Осы электр құралы үшін жарамсыз ауыстырмалы бұрғылау патроны пайдаланылса, алмалы-салмалы аспап жұмыс істеу кезінде шығып түсуі мүмкін.
- Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнатудан бұрын тазалап, салынатын ұшын аздап майлаңыз.
- SDS-plus ауыстырмалы бұрғылау патронын (2) немесе ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) алақанмен ұстаңыз. Ауыстырмалы бұрғылау патронын шерту дыбысы анық естілгенше бұрғылау патронының бекіткішіне (24) бұрап кіргізіңіз.
- Ауыстырмалы бұрғылау патроны автоматты түрде бекітіледі. Ауыстырмалы бұрғылау патронының бекітілуін тарту арқылы тексеріңіз.