Нивелирлеу автоматикасы (AB суреттерін қараңыз)

Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып, штативте (18) бекітіңіз.

Өлшеу құралын, шығыс саңылау (1) бос болатындай, магниттік айналмалы ұстағышта (3) бұраңыз.

Қосылғаннан кейін, нивелирлеу автоматикасы ±3,5° шамасындағы өздігінен нивелирлеу диапазонында тегіс емес жерлерді автоматты түрде тегістейді. Лазер сызықтары тұрақты жанып тұрса және әрі қарай қозғалмаса, нивелирлеу аяқталады.

Автоматты түрде нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы, өлшеу құралы тұрған бет көлденең сызықтан 3,5° шамасынан артық ауытқыған болса, лазер сызықтары жылдам ырғақпен тұрақты жыпылықтайды және өлшеу құралы нивелирлеу автоматикасынсыз жұмыс істейді. Лазер сызықтары қосулы қалып, екі қиылысатын сызық енді бір-біріне тік бұрышта тұрмайды.

Нивелирлеу автоматикасымен қайтадан жұмыс істеу үшін өлшеу құралын көлденеңінен қойып, өздігінен нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±3,5° шамасындағы өздігінен нивелирлеу диапазонында тұрып нивелирленген болса, лазер сызықтары қайтадан тұрақты жанады.

Пайдалану кезінде қағылулар болса немесе күй өзгерсе өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Жаңа нивелирлеген соң өлшеу құралының жылжып қалуынан қателердің алдын алу үшін көлденең немесе тік лазер сызығының күйін негізгі нүктелерге салыстырып тексеріңіз.