HSS жонғы пышағын алмастыру
- Жонғы пышағын алмастыруда абай болыңыз. Жонғы пышағын кесу қырынан ұстамаңыз. Кесу қыры өткір болып жарақаттауы мүмкін.
- Жонғы пышағын алмастыру үшін пышақ бастиегін (16), бұрандама қысқыш (15) жонғы табандығына (11) параллель тұрғанша бұраңыз.
- 3 бекіткіш бұранданы (14) Т тәрізді тұтқасы бар тұқыр кілтімен (13) бұрап шығарып, бұрандама қысқышты (15) алып тастаңыз.
- Қапсырманы (19) жонғы пышағымен (18) бірге пышақ бастиегінен (16) немесе бағыттауыш ойықтан (17) шығарыңыз.
- Пышақ бастиегін 180° шамасына бұрап, 2-ші жонғы пышағын шешіңіз.
Нұсқау: жонғы пышағын алмастырудан немесе қайраудан бұрын қапсырманы (19) бекіткіш бұранданы (20) босату арқылы алып тастаңыз.
Өткірлеу аспабын (21) (керек-жарақ) және стандартты қайрақ тасты пайдаланып, тозған немесе өтпейтін HSS жонғы пышағын қайраңыз.
Екі жонғы пышағын қайрау аспабына салып, қатпарлы бұранданы бекітіңіз. Екі жонғы пышағы тірелгенше салынғанына көз жеткізіңіз.
Өткірлеу аспабына орнатылған жонғы пышақтарын бір қалыпта және жай басып, қайрақ тастан өткізіңіз.
Нұсқау: жонғы пышақтарын ең көбі 6 мм-ге 23 мм минималды еніне дейін қайрауға болады. Сосын екі жонғы пышағын алмастыру керек.
Жаңа немесе өткірленген жонғы пышағын қайта орнатудан бұрын пышақ бастиегін (16) және қажет болса, жоңғы пышағы (18) мен қапсырманы (19) тазалаңыз. Қатты шайырланған жонғы пышақтарын спирт немесе керосинмен тазалаңыз.
Нұсқау: жаңа немесе өткірленген жонғы пышақтарын орнатудан бұрын әрдайым дұрыс күйге дәлдеу керек.
Жонғы пышағының биіктігін реттеу үшін реттеу шаблоны (22) (керек-жарақ) қолданылады. Жонғы пышағын (18) және қапсырманы (19) реттеу шаблонына қойыңыз. Бұл ретте қапсырманың (19) арнайы ойыққа кіргеніне көз жеткізіңіз. Жонғы пышағын (18) тірелгенше басып, қапсырманы (19) осы күйде бекіткіш бұрандамен (20) бекітіңіз. Осылайша қажетті биіктік автоматты түрде дәлдеп реттеледі.
Жонғы пышағы жонғы табандығының ортасында (11) орнатылып туралануы керек. Содан кейін 3 бекіткіш бұранданы (14) T тәрізді тұтқасы бар тұқыр кілтімен (13) мықтап тартыңыз. Бұрандама қысқышта (15) көрсетілген тарту реттілігін (①②③) сақтаңыз.
Нұсқау: қолданысқа енгізу алдында бекіткіш бұрандалардың (14) берік бекітілгенін тексеріңіз. Пышақ бастиегін (16) қолмен бұрап, жонғы пышағының еш жерде шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.