Пайдалануға ендіру
GKS 18V-68 GC
Негізгі реттеуде 6 айналу жиілігінің деңгейі және Eco режимі алдын ала орнатылған. Арнайы қолданба (Bosch Toolbox App) арқылы 2 - 6 айналу жиілігінің деңгейін бағдарламалауға болады.
Төмендегі кестеде деңгейлердің бағдарламаланған әр саны үшін алдын ала реттелген айналу жиілігінің мәндері (негізгі реттеулер) көрсетілген.
Деңгей бойынша айналу жиілігінің негізгі реттеуі | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
[мин–1] | [мин–1] | [мин–1] | [мин–1] | [мин–1] | [мин–1] | |
Айналу жиілігі деңгейлерінің саны | ||||||
Eco | 3630A) | – | – | – | – | – |
2 | 2500 | 5000 | – | – | – | – |
3 | 2500 | 3800 | 5000 | – | – | – |
4 | 2500 | 3300 | 4200 | 5000 | – | – |
5 | 2500 | 3100 | 3800 | 4400 | 5000 | – |
6 | 2500 | 3000 | 3500 | 4000 | 4500 | 5000 |
- A)
±25%
Айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесімен (36) қажетті айналу жиілігін жұмыс істеген кезде де алдын ала таңдауға болады.
GKS 18V-68 GC
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (34) |
Мағынасы/себебі |
Шешімі |
---|---|---|
жасыл (2 - 5 жолақ) |
Аккумулятор зарядталған |
– |
сары (1 жолақ) | Аккумулятор заряды таусылған дерлік | Аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау |
қызыл (1 жолақ) | Аккумулятор заряды таусылған | Аккумуляторды алмастыру немесе зарядтау |
Температура индикаторы (40) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
---|---|---|
сары | Шектік температураға жетті (қозғалтқыш, электроника, аккумулятор) | Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істетіп суыту |
қызыл | Электр құралы қызып кетті және өшеді | Электр құралын суыту |
Электр құралының күйі индикаторы (39) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
---|---|---|
жасыл | OK күйі | – |
сары | Шектік температураға жетті немесе аккумулятор заряды таусылған дерлік | Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істету және суыту немесе аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау |
қызыл | Электр құралы қызып кетті немесе аккумулятор заряды таусылған | Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау |
қызыл түспен жыпылықтайды | Қайта іске қосылудан қорғаныс іске қосылды | Электр құралын өшіріп қосу, қажет болса, аккумуляторды шығарып қайта орнату. |
GKS 18V-68 GC
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулімен бірге электр құралы үшін төмендегі өзара байланыс функциялары қолжетімді болады:
- Тіркеу және дербестеу
- Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
- Жалпы мәліметтер мен реттеулер
- Басқару
- Айналу жиілігінің деңгейлерін реттеу
Bluetooth® сымсыз технологиясының көмегімен қосылған ақырғы мобильді құрылғы жағдайында электр құралының күйі индикаторына (39) байланысты қосымша ақпарат қолжетімді болуы мүмкін.
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 туралы ақпаратты жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.
GKS 18V-68 C
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулімен бірге электр құралы үшін төмендегі өзара байланыс функциялары қолжетімді болады:
- Тіркеу және дербестеу
- Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
- Жалпы мәліметтер
- Басқару
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 туралы ақпаратты жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.