Жұмыс үстелін монтаждау

Жинақтағы барлық бөліктерді абайлап орауыштан шығарып алыңыз.
Барлық орауыш материалдарын алып тастаңыз.

  • Жұмыс үстелін, аяқтарын жоғары қаратып, жерге қойыңыз.
  • Бекіткіш штифтіні (15) ішке басып, аяқты, бекіткіш штифт шерту дыбысымен қайтадан тірелгенше, жоғары қайырыңыз.
  • Бұл әрекетті басқа үш аяққа қайталап шығыңыз.
  • Жұмыс үстелін жұмыс күйіне бұраңыз.
  • Жұмыс үстелінің тұрақтылығына және барлық бекіткіш штифтілердің тіркелгеніне көз жеткізіңіз.
  • Биіктігі реттелетін аяқ (9) пайдаланушыға жұмыс үстелін туралауға көмектеседі.
  • Аяқты, жұмыс үстелі тегіс тураланғанша және барлық төрт аяғы жерде тұрғанша бұрап кіргізіңіз немесе шығарыңыз.

  • Роликті тіреуіштің (7) крест ойықты бұрандасын жеткізілім жинағындағы крест ойықты бұрауышпен (14) бұрап орнатыңыз.
    Қажет болса, роликті тіреуіштің басқа жағындағы контргайканы гайка бұрауышымен (10 мм) қарсы ұстап тұрыңыз.
  • Роликті тіреуішті (7) бөлшектеңіз.

Бөлек роликтерді ішкі ирек оймалы қарнақтың көмегімен құрал тіреуішіне орналастырудың әртүрлі мүмкіндіктері бар.

  • Бөлек компоненттерді қалауыңызша орналастырыңыз және ішкі ирек оймалы қарнақты роликтер арқылы және дайындама тіреуіші (1)арқылы жылжытыңыз.
  • Барлық компоненттерді қайтадан бұрап бекітіңіз.

  • Бекіткіш тетікті (3) босатып, жұмыс үстелінің екі жағындағы үстел ұзартқыштарын (2) сәл сыртқа тартыңыз.
  • Дайындама тіреуіштерін (1)сол мен оң жақтан жұмыс үстелінің немесе үстел ұзартқышының жоғарғы ойығына кіргізіңіз.
  • Бұл ретте ұзындық шектегіштері (8) сыртқа қарап тұруы тиіс.
  • Дайындама тіреуішін бұғаттау үшін бекіткіш тетікті (6) тартып қойыңыз.