Қосымша қауіпсіздік және жұмыс нұсқаулары
- Егер алмалы-салмалы аспап бұғатталса, электр құралын өшіріңіз. Алмалы-салмалы аспапты босатыңыз.
- Бұғатталған бұрғылау құралын қосқан кезде, жоғары реактивті күш пайда болады.
- Кездейсоқ іске қосылуға жол бермеңіз. Аккумуляторды салудан алдын ажыратқыштың өшірулі күйінде болғанына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты ажыратқышқа қойып тасымалдау немесе қосулы электр құралына аккумуляторды салу жазатайым оқиғаларды тудыруы мүмкін.
- Аккумуляторлық дрель-шуруп бұрауыштың пайдалану бойынша нұсқаулығындағы қауіпсіздік техникасының нұсқауларын оқып шығыңыз және қатал ұстаныңыз.
- Әрдайым тұрақтылығыңызды қадағалаңыз. Электр құралын саты сияқты биік орналасқан жерде пайдаланған кезде өзіңіздің астында ешкім болмағанына көз жеткізіңіз.
- Пайдаланғаннан кейін еш жағдайда алмалы-салмалы аспапты немесе электр құралын алмалы-салмалы аспаптың жанында ұстамаңыз, олар қатты қызуы мүмкін. Күю қаупі бар.