Тасымалдау (Y суретін қараңыз)
Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі қадамдарды орындау керек:
- Бекіткіш бұранда (6) тартылған болса, оны босатыңыз. Манипуляторды толық алға тарта отырып, бекіткіш бұранданы қайтадан бұрап бекітіңіз.
- Тереңдік шектегішінің (42) толығымен артқа қайырылғанын және дәлдеу бұрандасы (41) манипуляторды жылжытқан кезде тереңдік шектегішіне тимей ойыққа кіргеніне көз жеткізіңіз.
- Аралау үстелінің ұзартқыштарын толығымен ішке жылжытып, бекітіңіз.
- Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
- Электр құралына берік монтаждау мүмкін болмайтын барлық керек-жарақтарды шығарып алыңыз.
- Пайдаланылмаған ара дискілерін тасымалдау үшін мүмкіндігінше жабық контейнерге салыңыз.
- Желілік кабельді жабысқақ таспамен (69) жинаңыз.
- Электр құралын тасымалдау тұтқасынан (11) ұстап көтеріңіз немесе аралау үстелінің жанындағы ұстау ойықтарынан (30) ұстаңыз
- Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау аспабын пайдаланыңыз ешқашан қорғағыш аспаптарды пайдаланбаңыз.