Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.
- Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
- Аралау үстелін (20) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз. Тұтқыш (24) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
Тексеріңіз (U1 суретін қараңыз)
- Бір бұрышты калибрді 90° реттеп, оны аралау үстеліне (20) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде (49) жатуы керек.
Реттеу (U2 суретін қараңыз)
- Қыспа иінтіректі (8) босатыңыз.
- Тіректі (45) толығымен артқа жылжытыңыз.
- Тіреуіш бұранданың (64) контргайкасын стандартты дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм) босатыңыз.
- Тіреуіш бұранданы бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша ішке немесе сыртқа бұраңыз.
- Қыспа иінтіректі (8) қайта тартыңыз.
- Содан кейін тіреуіш бұранданың (64) контргайкасын қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер (44) және (5) бұрыш индикаторлары реттегеннен кейін шкаланың (4) 0° белгілерімен бір сызықта тұрмаса, бұрыш индикаторының бекіткіш бұрандасын крест ойықты бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгілерінің бойымен туралаңыз.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Аралау үстелін (20) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз. Иінтірек (24) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
- Сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (2) алып тастаңыз.
- Сол жақ тіректі (3) 45° стандартты еңіс бұрышы көрсеткі белгісінде тірелгенше бұраңыз.
- Қыспа иінтіректі (8) босатыңыз.
- Манипуляторды, тұтқасынан (13) ұстап, тіреуіш бұранда (65) тіректе (3) жатқанша, солға қайырыңыз.
Тексеріңіз (V1 суретін қараңыз)
- Бір бұрышты калибрді 45° реттеп, оны аралау үстеліне (20) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде (49) жатуы керек.
Реттеу (V2 суретін қараңыз)
- Тіреуіш бұранданың (65) контргайкасын стандартты дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм) босатыңыз.
- Тіреуіш бұранданы (65) бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша ішке немесе сыртқа бұраңыз.
- Қыспа иінтіректі (8) қайтадан мықтап тартыңыз.
- Содан кейін тіреуіш бұранданың (65) контргайкасын қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер (44) және (5) бұрыш индикаторлары реттеу жасалғаннан кейін шкаланың (4) 45° белгілерімен бір сызықта тұрмаса, алдымен бір рет тік еңіс бұрышының 0° реттеуін және бұрыш индикаторын тексеріп шығыңыз. Содан кейін тік 45° еңіс бұрышының реттеуін тексеріп шығыңыз.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Аралау үстелін (20) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз. Иінтірек (24) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
- Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (2) алып тастаңыз.
- (45) тірегін толығымен алға тартыңыз.
- Оң жақ тіректі (3) 45° стандартты еңіс бұрышы көрсеткі белгісінде тірелгенше бұраңыз.
- Қыспа иінтіректі (8) босатыңыз.
- Манипуляторды, тұтқасынан (13) ұстап, тіреуіш бұранда (66) тіректе (3) жатқанша, солға қайырыңыз.
Тексеріңіз (W1 суретін қараңыз)
- Бір бұрышты калибрді 135° реттеп, оны аралау үстеліне (20) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде (49) жатуы керек.
Реттеу (W2 суретін қараңыз)
- Тіреуіш бұранданың (66) контргайкасын стандартты дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм) босатыңыз.
- Тіреуіш бұранданы (66) бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша ішке немесе сыртқа бұраңыз.
- Қыспа иінтіректі (8) қайтадан мықтап тартыңыз.
- Содан кейін тіреуіш бұранданың (66) контргайкасын қайтадан мықтап тартыңыз.
Егер (44) және (5) бұрыш индикаторлары реттеу жасалғаннан кейін шкаланың (4) 45° белгілерімен бір сызықта тұрмаса, алдымен бір рет тік еңіс бұрышының 0° реттеуін және бұрыш индикаторын тексеріп шығыңыз. Содан кейін тік 45° еңіс бұрышының реттеуін қайтадан реттеп шығыңыз.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Аралау үстелін (20) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз. Тұтқыш (24) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
Тексеріңіз (X1 суретін қараңыз)
- Бұрышты калибрді 90° реттеп тіреуіш планка (1) мен аралау дискісі (49) арасында аралау үстеліне (20) орнатыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде (49) жатуы керек.
Реттеу (X2 суретін қараңыз)
- Барлық төрт реттеу бұрандасын (67) алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (39) аралау үстелін (20) шкаламен (28) бірге бұрышты калибрдің бір жағы ара дискісімен бүтін ұзындығында бірдей болғанша бұраңыз.
- Бұрандаларды қайта берік бекітіңіз.
Егер бұрыш индикаторы (26) реттегеннен кейін шкаланың (28) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса, бұранданы (68) стандартты крест тәрізді бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісінің бойымен туралаңыз.