Қызмет көрсету және тазалау

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.

Әрбір жұмыс қадамынан кейін сығылған ауамен үрлеп шығару немесе қылшақтың көмегімен шаңды және жоңқаны кетіріңіз.

Майлағыш:
SAE 10/SAE 20 мотор майы

  • Қажет болса, электр құралының көрсетілген жерлерін майлаңыз (S суретін қараңыз).

Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.

  • Майлағыш және тазалағыш заттарды қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату қажет. Заңдық нұсқамаларды орындаңыз.

Өндіруші шаралары:

  • Жұмысты бірқалыпты бастау
  • Шуылды төмендету үшін арнайы құрастырылған ара дискісімен жеткізу

Пайдаланушы шаралары:

  • Тұрақты жұмыс аймағында дірілсіз орнату
  • Шуылды төмендету функциялары бар ара дискілерін пайдалану
  • Ара дискісі мен электр құралын жүйелі түрде тазалау

Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.

Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.

Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: