Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.
- Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң жинағыш қаппен өзіндік сору (C–E суреттерін қараңыз)
Бүкіл шаң жинағыш қапты (7) құралмен толық жанасқанша үрлеп шығару келте құбырына (11) орнатып жылжытыңыз.
Шаң жинағыш қапты (12) босату үшін бүкіл шаң жинағыш қапты (7) үрлеп шығару келте құбырынан (11) тартып шығарыңыз. Адаптерді (13) шаң жинағыш қаптан (12) бұрап шығарыңыз және шаң жинағыш қапты босатыңыз.
Нұсқау: шаңның оңтайлы сорылуын қамтамасыз ету үшін шаң жинағыш қапты (12) дер кезінде босатып тұрыңыз.
Тік жазықтықтарда жұмыс істегенде электр құралын шаң жинағыш қабы (7) төмен қарап тұратындай етіп ұстап тұрыңыз.
Сыртқы сорғыш (F суретін қараңыз)
Сорғыш шлангын (14) сору құбырына (11) салыңыз.
Сорғыш шлангін (14) шаңсорғышқа қосыңыз. Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Электр құралын тік аймақтарда жұмыс істеу кезінде сорғыш шланг төменге көрсететін етіп ұстаңыз.