Пайдалануға ендіру
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (11) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (12) басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (11) екі жағынан күйіне тірелгенше жылжытыңыз. | |
Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (11) екі жағынан күйіне тірелгенше жылжытыңыз. |
Бұрғылау
GSR 18V-90 C
Бұрғылау және бұрауға арналған максималды айналу моментіне қол жеткізу үшін айналу моментін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаны (3) "Бұрғылау" белгісіне орнатыңыз.
GSB 18V-90 C
Бұрғылау және бұрауға арналған максималды айналу моментіне қол жеткізу үшін жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаны (4) "Бұрғылау" белгісіне орнатыңыз.
Бұрау
GSR 18V-90 C
Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаны (3) қажетті айналу моментіне орнатыңыз.
GSB 18V-90 C
Жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаны (4) "Бұрау" белгісіне орнатыңыз.
Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаны (3) қажетті айналу моментіне орнатыңыз.
Соққымен бұрғылау
GSB 18V-90 C
Жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаны (4) "Соққымен бұрғылау" белгісіне орнатыңыз.
Дәлдік муфтасы іске қосылған кезде, айналу моментін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаның (3) көмегімен қажетті айналу моментін 20 қадам бойынша алдын ала таңдауға болады. Реттелген айналу моментіне жеткенде, электр құралы тоқтап қалады. Дәлдік муфтасы ажыратылған кезде, муфта іске қосылады және алмалы-салмалы аспап тоқтамайды.
- Берілісті таңдау ауыстырып-қосқышын (5) электр құрылғысы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
- Беріліс ауыстырып-қосқышын әрдайым тірелгенше жылжытыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (5) арқылы 2 айналу жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
Беріліс ауыстырып-қосқышының (5) күйі | Айналу жиілігі | Айналу моменті | Қолдану диапазоны |
---|---|---|---|
1 | Төмен | Жоғары | Ауыр қолданыс жағдайлары үшін: мысалы, үлкен диаметрмен бұрғылау және бұрау |
2 | Жоғары | Төмен | Жеңіл қолданыс жағдайлары үшін: мысалы, кіші диаметрмен бұрғылау және бұрау |
Мақсаты бойынша қолдану кезінде, электр құралына артық жүктеме түспейді. Артық жүктелу немесе рұқсат етілген аккумулятор температурасы аралығы өтілсе, айналу жиілігі азаяды немесе электр құралы өшеді. Электр құралы аккумулятор рұқсат етілген жұмыс температурасына жеткеннен кейін қайтадан толық айналу жиілігімен жұмыс істейді.
Температураға тәуелді артық жүктемеден қорғаныс электр құралында жарық диодының (15) қызыл түспен жануы арқылы көрсетіледі.
- Жұмыс температураларының рұқсат етілген ауқымына тағы бір рет жеткізу үшін электр құралын бос жүріс күйінде қосыңыз немесе жарықдиод (15) қайтадан жасыл түспен жанғанын күтіңіз.
Жарықдиод (15) жасыл түспен жанса, бұл құрылғының ұйғарынды жұмыс температурасының диапазонына жеткенін білдіреді.
Пайдаланушы интерфейсі (9) дәлдік муфтасын іске қосып, ажырату, "KickBack Control" функциясын жылдам өшіру, сондай-ақ электр құралының күйін көрсету үшін қолданылады.
Дәлдік ысырмасы (Precision Clutch)
Дәлдік муфтасы бекітілген айналу моментіне жеткен кезде, блоктауды тоқтатады, осылайша муфтаның тозуы мен шу деңгейін азайтады.
Жылдам өшіру функциясын пайдаланушы интерфейсінен (9) дәлдік мутфасының түймесі (19) арқылы ажыратуға болады. Ағымдағы күй дәлдік муфтасының жарықдиоды (20) арқылы көрсетіледі (пайдаланушы интерфейсінде (9)).
Жылдам өшіру (KickBack Control)
Жылдам өшіру (KickBack Control) электр құралын жақсырақ бақылауға көмектеседі және осылайша KickBack Control құралы жоқ электр құралдарымен салыстырғанда пайдаланушы қорғанысын да күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі бойынша кездейсоқ және кенет айналса, электр құралы өшіп қалады.
Жылдам өшіру әрекеті жарық диодының (15) қызыл түспен жыпылықтауы, жұмыс шамының (18) жыпылықтауы және электр құралындағы KickBack Control жарық диодының (16) қызыл түспен жануы арқылы көрсетіледі.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты жіберіп, қайта басыңыз.
- Егер KickBack Control функциясы ақаулы болса, электр құралы бұдан былай қосылмайды. Электр құралыңызды тек қана білікті маманға және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен бірге жөндетіңіз.
Жылдам өшіру функциясын пайдаланушы интерфейсінен (9) KickBack Control (17) түймесі арқылы ажыратуға болады. Егер электр құралы 5 минуттан ұзақ пайдаланылмаса немесе аккумулятор шығарылса, жылдам өшіру функциясы автоматты түрде қайта қосылады. Ағымдағы күй пайдаланушы интерфейсіндегі (9) Kick-Back Control жарық диоды (16) арқылы көрсетіледі.
- Нұсқау: жарық диодтарының ескерту шамы барлық жағынан көрінбейді! Күн жарығы қатты болғанда, ескерту шамын байқау қиынға соғады.
Электр құралының күй индикаторы | Мағынасы/себебі | Шешімі |
---|---|---|
Жасыл | OK күйі | – |
Сары | Шектік температураға жетті, аккумулятор заряды таусылған дерлік немесе KickBack Control өшірілген | Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істетіңіз және суытыңыз, аккумуляторды дереу алмастырыңыз немесе зарядтаңыз немесе KickBack Control түймесін басыңыз |
қызыл түспен жанып тұр | Электр құралы қызып кетті немесе аккумулятор заряды таусылған | Электр құралын суытыңыз немесе аккумуляторды алмастырыңыз/зарядтаңыз |
Қызыл түспен жыпылықтайды | Жылдам өшіру функциясы іске қосылды | Электр құралын өшіріп, қайта қосыңыз |
Көк түспен жыпылықтайды | Электр құралы ақырғы мобильді құрылғымен байланыста немесе реттеулер көшірілуде | – |
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 / GCY 42 NC модулімен бірге электр құралы үшін төмендегі өзара байланыс функциялары қолжетімді болады:
- Тіркеу және дербестеу
- Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
- Жалпы мәліметтер
- Басқару
- Жұмыс жарығын қосу/өшіру
- Жарықтықты реттеу және жұмыс жарығының ұзақтығы
- Пайдаланушы интерфейсінің жарықтығы мен ұзақтығын реттеу
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 / GCY 42 NC туралы ақпаратты жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.