Батареяны енгізу/алмастыру
Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын немесе аккумуляторын пайдалану ұсынылады.
1,2 В аккумуляторлармен қуаттылыққа байланысты 1,5 В батареялармен салыстырғанда көбірек өлшеу әрекеттерін орындауға болады.
- Батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз.
- Батареяларды немесе аккумуляторларды салыңыз.
- Барлық батареяларды немесе аккумуляторларды бір уақытта алмастырыңыз. Тек бірдей өңдіруші ұсынған және бірдей қуатты батареяларды немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз.
- Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Егер бос батарея белгісі дисплейде алғаш рет пайда болса, шамамен 100 өлшеу әрекетін орындауға болады. Батарея белгісі жыпылықтаса, ешқандай өлшеу әрекеттерін орындау мүмкін болмайды.
- Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяларды немесе аккумуляторларды өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт жатқан батареялар немесе аккумуляторлар тот басуы және зарядын жоғалтуы мүмкін.