Пайдалану түрлері
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
Тербелісті реттеу
Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын, аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін материалға лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (8) тербелуді пайдалану кезінде де реттеуге болады.
0 деңгейі | тербеліс жоқ |
I деңгей | кіші тербеліс |
II деңгей | орташа тербеліс |
III деңгей | үлкен тербеліс |
Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс деңгейін тәжірибе әдісімен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды ескеріңіз:
- Кесік жиек қаншалықты жұқа әрі таза болуы қажет болса, тербеліс деңгейін соншалықты төмен таңдаңыз немесе тербелісті толығымен өшіріңіз.
- Жұқа заттектерді (мысалы, металды) өңдегенде тербелісті өшіріңіз.
- Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші тербелісті реттеңіз.
- Жұмсақ материалдарда және ағашты аралаған кезде максималды тербеліспен жұмыс істеуге болады.
Еңіс бұрышын реттеу (G суретін қараңыз)
Тіреуіш тақта (9) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін оңға қырылуы мүмкін.
Қаптама қалпақ (16) мен жарылудан сақтайтын пластинаны (15) қисық аралауда орнатуға болмайды.
- Аспирациялық келте құбырды (17) сәл жоғары итеріп, оны тірек тақтасынан (9) тартып шығарыңыз.
- Қаптаманы (16) және жарылудан сақтайтын пластинаны (15) алып тастаңыз.
- Бұранданы (19) алты қырлы дөңбек кілтпен (4) босатып, тірек тақтасын (9) ара төсеміне (10) қарай аздап жылжытыңыз.
- Дәл еңіс бұрышын реттеу үшін тірек тақтасының оң және сол жағында 0° мен 45° бұрыштарда тірелу нүктелері бар. Тірек тақтасын (9) шкалаға (20) сәйкес қажетті күйге қайырыңыз. Басқа еңіс бұрыштарын бұрыш өлшегіші арқылы реттеуге болады.
- Содан кейін тірек тақтасын (9) аккумуляторға қарай тірелгенше жылжытыңыз.
- Бұранданы (19) қайтадан мықтап тартыңыз.