Белгілер

Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.

Белгілер мен олардың мағынасы

Электр құралы айналып тұрғанда, аралау аймағына қол сұқпаңыз. Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін тудырады.

Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.

Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін.

Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз.

Ара төсемінің өлшемдерін ескеріңіз (ара төсемінің диаметрі D, саңылау диаметрі d). Саңылау диаметрі d аспап шпинделіне бос қуыссыз сәйкес келуі керек. Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану керек болса, жалғастырғыш тетік өлшемдері ара төсемінің қалыңдығына және саңылау диаметріне және аспап шпинделінің диаметріне сәйкес болғанына көз жеткізіңіз. Мүмкіндігінше ара төсемімен бірге жеткізілген жалғастырғыш тетіктерді пайдаланыңыз.

Ара төсемінің диаметрі D белгідегі дерекке сәйкес келуі керек.

Сондай-ақ "Техникалық деректер" тарауындағы "Жарамды ара төсемдерінің өлшемдері" бөлімін қараңыз.

a Ара дискісінің диаметрі ең көбі 254 мм болуы тиіс.

b Сынаның қалыңдығы 2 мм құрайды.

c Тістердің бағыт көрсеткісі (ара дискісіндегі көрсеткі бағыты) сынадағы көрсеткі бағытына сай болуы тиіс.

d Ара дискісін алмастыру кезінде кесік ені 2,4 мм-ден кем болмағанына және ара дискісінің қалыңдығы 1,8 мм-ден артық болмағанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе сына дайындамаға ілінуі мүмкін.

Сынаның қалыңдығы 2 мм құрайды.

Максималды ықтимал дайындама биіктігі 80 мм құрайды.

Сол жағы:
Ара дискісін түсіру (тасымалдау күйі) және көтеру (жұмыс күйі) үшін қос иіннің айналу бағытын көрсетеді.

Оң жағы:
Ара дискісін бекіту үшін және тік еңіс бұрышын реттеу кезіндегі бекіту иінтірегінің күйін көрсетеді (ара дискісі қайырылады).

Қажет болса, электр құралының көрсетілген жерлерін майлаңыз.

II қорғаныс класындағы электр құралдары нығайтылған немесе қос оқшауланған.

Өндіруші CE белгісі арқылы электр құралының қолданыстағы ЕU директиваларына сәйкес келетіндігін растайды.