Ажарлағыш құралдарды екі айыр тәрізді кілтпен монтаждау (B суретін қараңыз)
- Тек жарамды және зақымдалмаған айыр тәрізді кілтті пайдаланыңыз ("Техникалық мәліметтер" бөлімін қараңыз).
- Ажарлау шпинделін (3) және барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
- Ажарлау шпинделін (3) айыр тәрізді кілтпен (8) кілт жазықтығында ұстаңыз.
Қыспа гайканы (2) айыр тәрізді кілтпен (9) кілт жазықтығында сағат тілінің бағытына қарсы бұрап босатыңыз. - Ажарлау құралының қыспа білігін қысқышқа (1) тірелгенше салыңыз.
- Ажарлау шпинделін (3) айыр тәрізді кілтпен (8) ұстап тұрып, алмалы-салмалы аспапты айыр тәрізді кілтпен (9) кілт жазықтығында сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Ажарлау құралдары кедергісіз айналуы керек. Домалақ емес ажарлау құралдарын пайдаланбай, оларды алмастырыңыз.
- Ажарлау құралы орнатылған болмаса, қысқышты қыспа гайкамен тартпаңыз. Әйтпесе қысқыш зақымдануы мүмкін.
- Білік диаметрі сәйкес келетін ажарлау штифтерін ғана пайдаланыңыз. Ажарлау штифтінің диаметрі электр құралының бекіткішіне сәйкес болмаса ("Техникалық мәліметтер" бөлімін қараңыз), ажарлау штифті дұрыс ұсталмай қысқышты зақымдайды.
- Алмалы-салмалы аспапты кемінде 10 мм шамасына қысу керек. Тұтқаның жарықтағы L0 өлшемімен алмалы-салмалы аспап өндірушісінің деректері бойынша алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген максималды айналу жиілігін есептеуге болады. Ол электр құралының максималды аналымдар санынан төмен жатуы мүмкін емес.