Пайдалану нұсқаулары
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Ажарлау құралдарын соққыдан қорғап сақтаңыз.
- Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
- Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз.
- Ажарлағыш дөңгелектер жұмыс кезінде қатты қызып кетеді. Оларды суымаған күйінде ұстамаңыз.
Оңтайлы жұмыс нәтижесіне қол жеткізу үшін ажарлағыш дөңгелекті азғантай қысыммен біркелкі алға-артқа жылжытыңыз. Тым қатты басу электр құралының қуатын төмендетіп, ажарлағыш дөңгелектің жылдам тозуына апарып соғады.