Пайдалану бойынша нұсқаулар

Тереңдік шектегішімен (13) қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеуге болады.

  • Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (12) басып, тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (14) орнатыңыз.
    Тереңдік шектегішінің (13) бұдыр жағы төмен қарап тұруы қажет.
  • SDS plus алмалы-салмалы аспабын SDS plus құрал бекіткішіне (3) тірелгенше жылжытыңыз. Әйтпесе SDS plus құралының жылжу әрекеттері қате бұрғылау тереңдігінің орнатылуына әкелуі мүмкін.
  • Тереңдік шектегішін бұрғы ұштығымен тереңдік шектегіші ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X сәйкес келгенше тартыңыз.

  • Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Осында пайда болатын күш себебінен электр құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта тұрыңыз.
  • Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз. Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде жоғары реактивті күш пайда болады.

  • Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін.

Бұрауыш биттерді пайдалану үшін SDS plus бекіткіш білігі (керек-жарақ) бар әмбебап ұстағыш (26) қажет болады.

  • Бекіткіш біліктің жалғанатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
  • Айналмалы әмбебап ұстағышты құрал бекіткішіне автоматты түрде бекітілгенше салыңыз.
  • Әмбебап ұстағышты тартып, бекітілуді тексеріңіз.
  • Әмбебап ұстағышқа бұрауыш битті салыңыз. Тек бұранданың бастиегі үшін жарамды бұрауыш биттерді пайдаланыңыз.
  • Әмбебап ұстағышты алып тастау үшін құлыптау төлкесін (5) артқа жылжытып, әмбебап ұстағышты (26) құрал бекіткішінен шығарып алыңыз.