Ақаулар – Себептері және шешімдері

Себебі

Шешімі

Өлшеу мүмкін емес, нысан ортасының екі индикаторы (1) да кезектесіп жыпылықтап тұр және …

… металл нысан индикаторы (5) және кернеу өткізгіш сымдардың индикаторы (4) жанып тұрған жоқ.

Өлшеуге электрлік, магниттік немесе электрмагниттік өрістер әсер етеді (мысалы, өлшеу құралының жанында орналасқан ұялы телефондар, ноутбуктер немесе планшеттер).

Мүмкіндік болса, сәулеленуі өлшеу әрекетіне кедергі келтіре алатын барлық құрылғыларда тиісті функцияларды ажыратыңыз немесе құрылғыларды өшіріңіз.

… металл нысан индикаторы (5)жыпылықтап тұр.

Өлшеу құралы жұмыс температурасынан тыс немесе температура ауытқулары орын алды.

Өлшеу құралын өшіріп, оны қайта қоспас бұрын температурасын қалпына келтіріңіз. Дәл өлшеу әрекеттері өлшеу құралының ішіндегі температура тұрақты болған жағдайда ғана мүмкін болады.

… металл нысан индикаторы (5) және кернеу өткізгіш сымдардың индикаторы (4) жыпылықтап тұр.

Өлшеу құралында ақау орын алды және ол бұдан былай жұмыс істемейді.

Өлшеу құралын өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.

Өлшеу құралының жанында ешқандай металл нысан жоқ болса да, жарық сақинасы (2) тұрақты қызыл түспен жанып тұр және металл нысан индикаторы (5) тұрақты жанып тұр.

Зауыттық калибрлеу енді жарамсыз (мысалы, биіктен құлау салдарынан).

Өлшеу құралын қолмен қосымша калибрлеңіз қараңыз Өлшеу құралын қайта калибрлеу.

Жарық сақинасы (2) астыңғы бетке орналастырылған кезде жанбайды.

Датчик аймағы (11) лас болса, астыңғы бетті анықтау мүмкін емес.

Өлшеу құралын құрғақ, жұмсақ шүберекпен тазалап шығыңыз да, өлшеуді қайта бастаңыз.

Қабырғаның ерекшеліктеріне байланысты (мысалы, күңгірт бет) қабырғамен немесе астыңғы бетпен жанасуды анықтау мүмкін емес.

Өлшеу құралын астыңғы бетке тігінен орнатып қойыңыз. Қабырғаны қолмен анықтау үшін дыбыстық сигнал түймесін (6), жарық сақинасы (2) жанып, дыбыстық сигнал берілгенше (шамамен 5 секунд) басыңыз. Содан кейін әдеттегідей өлшеңіз.
Нұсқау: келесі өлшеу процедурасын басқа бетте орындамас бұрын қабырғаны қолмен анықтау функциясын бастапқы күйге қайтару қажет. Өлшеу құралын өшіріп, оны қайта қосыңыз.