Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.
Бұрыш индикаторын (көлденең) туралау (U суретін қараңыз)
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Аралау үстелін (12) 0° ойығына (20) дейін бұраңыз. Иінтірек (17) шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
Тексеру
Бұрыш индикаторы (58) шкаланың (21) 0° белгісімен бір сызықта болуы керек.
Реттеу
- Бұранданы (59) жинақтағы крест тәрізді бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
- Бұранданы қайтадан тартыңыз.
Бұрыш индикаторын (тік) туралау (V суретін қараңыз)
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Қысқыш дөңгелекті (45) босатыңыз.
- Бұғаттау иінтірегін (46) сыртқа тартып, манипулятордың көмегімен 0° шамасындағы тік еңіс бұрышын орнатыңыз.
- Бұғаттау иінтірегін (46) жіберіңіз. Бұғаттау иінтірегі позицияда тіркелуі тиіс
- Қысқыш дөңгелекті (45) қайтадан мықтап тартыңыз.
Тексеру
Бұрыш индикаторы (28) шкаланың (27) 0° белгісімен бір сызықта болуы керек.
Реттеу
- Бұранданы (60) крест ойықты бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
- Бұранданы қайтадан тартыңыз.