Лазерді реттеу

Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін электр құралын ток көзіне жалғау керек.

Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін лазер сәулелерін тексеріп, қажетінше жаңадан реттеу керек.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы құрал қажет болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.

  • Дайындамада тік кесік сызығын сызыңыз.
  • Манипуляторды тұтқамен (7) төмен қарай баяу бағыттаңыз.
  • Дайындаманы ара дискісінің тістері кесік сызығымен бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
  • Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды қайтадан жоғары қарай баяу бағыттаңыз.
  • Дайындаманы қысып қойыңыз.
  • Лазер сәулелерін ажыратқыш (6) арқылы іске қосылудан қорғайтын құлыпты (5) баспай қосыңыз.

Манипулятор төмен бағытталғанда да, лазер сәулелері бүкіл ұзындығы бойынша сол мен оң жақта дайындамадағы сызылған кесік сызығынан бірдей аралықта болуы керек.

  • Лазер қорғаныш қалпақшасының (8) екі бұрандасын (55) алты қырлы дөңбек кілтпен/крест ойықты бұрауышпен (43) босатып, лазер қорғаныш қалпақшасын алып тастаңыз.

  • Бекіткіш бұранданы (56) (шамамен 1–2 айналым) босатыңыз.
    Бұранданы толық бұрап шығармаңыз.
  • Лазер корпусын (57), лазер сызықтары манипуляторды артқа жылжытқан кезде бүйірге ығыспағанша, оңға немесе солға жылжытыңыз.
  • Лазердің корпусын (57) осы күйде ұстай отырып, бекіткіш бұранданы (56) қайтадан мықтап тартыңыз.
  • Лазер қорғаныш қалпақшасын (8) қайтадан бекітіңіз.