Қосымша тұтқа (A суретін қараңыз)
- Электр құралыңызды тек қосалқы тұтқамен бірге пайдаланыңыз (12).
- Кез келген жұмыстарды өткізбес бұрын қатпарлы бұранданың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Бақылау мүмкіндігінен айырылу жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Қатпарлы бұранданы (11) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (12) қажетті күйде бұрғылау патроны арқылы электр құралының шпиндель мойнына апарыңыз.
Қауіпсіз және шаршатпайтын жұмыс қалпына қол жеткізу үшін қосалқы тұтқаны (12) 12 күйге реттеуге болады.
Қосымша тұтқаны жылжытуға арналған қатпарлы бұранданы (11) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (12) қажетті күйге қисайтыңыз. Содан кейін қатпарлы бұранданы (11) сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Бұрғылау тереңдігін реттеу (A суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен (13) қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеуге болады.
Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (10) басып, тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (12) енгізіңіз.
Тереңдік шектегішін (13), бұрғы ұштығы мен тереңдік шектегіші (13) ұшының арасындағы қашықтық қажетті X бұрғылау тереңдігіне сәйкес келетіндей, тартыңыз.
Тереңдік шектегішіндегі (13) бұдырлану жоғары қарап тұруы тиіс.