Іске қосу
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (8) пайдаланыңыз.
- Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін (7) басып, соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (8) қажетті күйге шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі мүмкін.
![](../Images/png/18014399658895627__Web.png)
Бетон немесе тас бойынша соққымен бұрғылау күйі
![](../Images/png/18014399659065355__Web.png)
Ағаш, металл, керамика және пластмасса бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау күйі
![](../Images/png/18014399659070347__Web.png)
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату қосқышы (8) бекітілмейді.
![](../Images/png/18014399659073931__Web.png)
Қашау күйі
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (9) көмегімен электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады. Алайда ажыратқыш (10) басылғанда осы әрекетті орындау мүмкін емес.
- Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (9) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
- Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (9) солға қарай тірелгенше итеріңіз.
- Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (9) оңға қарай тірелгенше итеріңіз.
- Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (10) басыңыз.
Жұмыс шамы (13) ажыратқыш (10) кішкене немесе толық басылғанда жанады және жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
- Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (10) жіберіңіз.
Төмен температураларда электр құралы белгілі бір уақыт өткеннен кейін толық бұрғылау/соққы қуатына жетеді.
Ажыратқышты (10) басу күшін өзгерте отырып, қосылған электр құралының айналу жиілігін/соққы санын біртіндеп реттеуге болады.
Ажыратқышты (10) сәл басу төмен айналу жиілігін/соққы санын қосады. Қысым күшейсе, айналу жиілігі/соққы саны ұлғаяды.
Айналу жиілігін пайдаланушы интерфейсі немесе смартфон қолданбасы арқылы да реттеуге болады.
Қашауды 40 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
- Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
- Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (8) "Vario-Lock" күйіне бұраңыз.
- Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне бұраңыз.
- Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (8) "Қашау" күйіне бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші бұғатталады.
- Қашау үшін айналу бағытын оңға айналу күйіне орнатыңыз.