Сору керек-жарақтарын орнату
Сорғыш шланг (21) және SFC+ модулі (20) қысқыш жүйесімен жабдықталған, олардың көмегімен сору керек-жарақтарын (сору адаптері (19), қисайған қондырма (22)) жалғауға болады.
Сору адаптерін орнату (C суретін қараңыз)
- SFC+ модулін (20) сорғыш шлангіге (21) сорғыш шлангінің әр батырмасы (31) шерту дыбысымен тірелгенше енгізіңіз.
- Содан кейін сору адаптерін (19) SFC+ модуліне (20) SFC+ модулінің әр батырмасы (31) шерту дыбысымен тірелгенше енгізіңіз.
- Бөлшектеу үшін батырмаларды (31) ішке басып, құрамдас бөліктерді бір-бірінен ажыратыңыз.
Бүріккіштер мен құбырларды орнату (D суретін қараңыз)
- Қисайған қондырманы (22) сорғыш шлангіге (21) сорғыш шлангінің әр батырмасы (31) шерту дыбысымен тірелгенше енгізіңіз.
- Содан кейін қажетті сору керек-жарақтарын (едендік саптама, тесік қондырма, сору құбыры және т.б.) қисайған қондырмаға (22) енгізіңіз.
- Бөлшектеу үшін батырмаларды (31) ішке басып, құрамдас бөліктерді бір-бірінен ажыратыңыз.