Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру (C суретін қараңыз)
Электр құралын қосу үшін алдымен іске қосылудан қорғайтын құлыпты (7) солға қарай басыңыз. Содан кейін ажыратқышты (8) басып тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (8) жіберіңіз. Содан кейін іске қосылудан қорғайтын құлыпты (7) қайтадан оңға қарай басыңыз.
Жүріс санын басқару
Қосқышты/өшіргішті (8) басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге болады.
Қосқышты/өшіргішті (8) жай басқанда төменірек жүріс санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны асады.
Талап етілетін жүріс санын материал мен жұмыс жасау жағдайына байланысты болып они тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Ара дискісін дайындамаға орнатуда және пластмасса мен алюминийді өңдеуде аралау жылдамдығын төмендету ұсынылады.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам. 3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.