Іске қосу
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса, қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін жарамдылығын тексеріңіз.
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосу/өшіру
(GWX 14-125 S / GWX 17-125 S)
Электр құралын Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті (4) алға жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішті (4) орнату үшін қосқыш/өшіргішті (4) төменге тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті (4) жіберіп немесе ол бекітілген болса қосқыш/өшіргішті (4) қысқа артында төмен басып сосын жіберіңіз.
- Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.
Қосу/өшіру
(GWX 17-125 PSB)
Электр құралын іске қосу үшін босату иінтірегін (8) артқа жылжытып, ажыратқышты (4) жоғары қарай басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (4) жіберіңіз.