Пайдалануға ендіру

Қосу/өшіру

Өлшеу құралын қосу үшін ажыратқышты (4) ON күйіне жылжытыңыз. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін бірден лазер сызығын шығыс саңылаудан (5) жібереді.

Өлшеу құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (4) OFF күйіне жылжытыңыз. Өшіру кезінде тербелу блогы бұғатталады.

Егер өлшеу құралының температурасы ең жоғарғы рұқсат етілген жұмыс температурасына жақындаса, лазер сызықтарының жарықтығы ақырын төменделеді.

Рұқсат етілген максималды жұмыс температурасынан асырған жағдайда, лазер сызықтары жылдам жыпылықтайды, содан кейін өлшеу құралы өшіп қалады. Өлшеу құралы суығаннан кейін қайтадан жұмыс істеуге дайын және оны қайта қосуға болады.

Өшу автоматикасын өшіру

Егер шамамен 120 минут ішінде өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу құралы аккумуляторлардың немесе батареялардың зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшіп қалады.

Өлшеу құралын автоматты түрде өшкеннен кейін қайта қосу үшін ажыратқышты (4) алдымен OFF күйіне жылжытып, содан кейін өлшеу құралын қайта қосыңыз немесе лазер жұмыс режимі түймелерінің (1) бірін басыңыз.

Автоматты түрде өшіру құрылғысын ажырату үшін (өлшеу құралы қосулы болғанда) лазер жұмыс режимі түймелерінің (1) бірін кемінде 3 с басып тұрыңыз. Автоматты түрде өшіру құрылғысы ажыратылған болса, лазер сәулелері растау үшін қысқа уақыт жыпылықтайды.

Автоматты өшуді белсендендіру үшін өлшеу құралын өшіріп, қайта қосыңыз.