Пайдаланушы интерфейсі

Пайдаланушы интерфейсі (9) электр құралының жұмыс режимін таңдау және күйін көрсету үшін пайдаланылады.

Күй индикаторлары

Электр құралының күйі индикаторы (15)

Мағынасы/себебіA)

Шешімі

Электр құралы өшірілген

жасыл

Электр құралы қосылған және жұмысқа дайын

сары

Электрониканың критикалық температурасына жетті.
Зақымдарға жол бермеу үшін электр құралының қуаты азайтылады.

(15) индикаторы қайтадан жасыл түспен жанғанша, электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істетіп, суытыңыз

сары

  • жанып тұрған техникалық қызмет көрсету индикаторымен (13) бірге

Электр құралына жүйелі техникалық қызмет көрсету мерзімі жақында

Электр құралын қызмет көрсету орталығына жіберу

сары

  • жыпылықтап тұрған техникалық қызмет көрсету индикаторымен (13) бірге

Электр құралына жүйелі техникалық қызмет көрсету қажет

Электр құралын бірден өшіріп, қызмет көрсету орталығына жіберу

көк түспен жыпылықтайды

Электр құралы ақырғы мобильді құрылғымен байланыста немесе реттеулер көшірілуде.

қызыл

Электр құралы қызып кетті.
Электрониканың зақымдалуына жол бермеу үшін электр құралы өшіріледі.

Электр құралын суытыңыз.
(15) индикаторы қосу кезінде жасыл түспен жыпылықтағанда ғана электр құралы жұмысқа қайтадан дайын болады.

Қайта іске қосылудан қорғаныс іске қосылды.
Жарақат алудың алдын алу үшін электр қуатының берілуі үзілгеннен кейін (мысалы, жұмыс барысында желілік ашаны суырып алу) электр құралының қайта іске қосылуына жол бермейді.

Электр құралын өшіріп, электр қуатының берілуін қалпына келтіріңіз. Содан кейін электр құралын қайта қосыңыз.

"Соққымен бұрғылау" режимінде реттеу түймесі басылды

Реттеу түймесін қайтадан басу

Айналуды тоқтату қосқышы жұмыс барысында іске қосылды

Электр құралын өшіріп қайта қосу

Жалпы ақаулар

  • Электр құралын өшіріп қайта қосу
  • Электр құралын қуат көзінен ажыратып, қайта жалғау

Ақау сонда да жойылмаса:

  • Электр құралын қызмет көрсету орталығына жіберу

қызыл түспен жыпылықтайды

  • жанып тұрған жылдам өшіру индикаторымен (12) бірге

Жылдам өшіру функциясы іске қосылды.

Бекіту түймесін басып, ажыратқышты жіберу

A)

Смартфон қолданбасындағы хабарларды оқып шығыңыз.

Жұмыс режимін таңдау

Жұмыс режимін таңдау түймесін (18) сізге қажетті жұмыс режимі пайда болғанша басыңыз.

Нұсқау: Auto және Soft жұмыс режимдерінде функциялар алдын ала реттелген. Favorite жұмыс режимінде алдын ала реттелген функцияларды смартфон қолданбасы арқылы конфигурациялауға болады.

Жұмыс режимі

Auto

Soft

Favorite

Пайдаланушы интерфейсіндегі индикатор

(11) индикаторы ақ түспен жанып тұр

(10) индикаторы ақ түспен жанып тұр

Қуат

100%

сезімтал материалдарды өңдеу үшін азайтылған қуат (80%)

смартфон қолданбасы арқылы жекелей конфигурациялау
Стандартты қуат: 90%

Electronic Precision Control бірқалыпты іске қосу тетігі

максималды қуатқа дейін жылдамырақ, бақылау мүмкіндігімен айналу

азайтылған төмен қуатқа дейін бақылау мүмкіндігімен айналу

смартфон қолданбасы арқылы жекелей конфигурациялау
Стандартты реттеу: жылдам айналу

Жылдам өшіру (KickBack Control) функциясының сезімдалдығы

қалыпты

қалыпты

смартфон қолданбасы арқылы жекелей конфигурациялау
Стандартты реттеу: қалыпты

Биіктік режимі
(электр құралы қатты биік жерде Auto режимінде іске қосылмаған жағдайда атмосфералық қысымды қалпына келтіру)

өшірулі

өшірулі

смартфон қолданбасы арқылы жекелей конфигурациялау
Стандартты реттеу: өшірулі

Нұсқау: Favorite жұмыс режимін әдепкі реттеулерге қайтару (бастапқы күйге қайтару) үшін (16) түймесін 6 секундтан ұзақ басып тұрыңыз.