Ақауларды жою
- Егер ақаулық пайда болса, (мысалы, сүзгі бұзылған болса) шаңсорғышты дереу өшіру керек болады. Қайта іске қосудан алдын ақаулықты жою керек.
Мәселе | Шешімі |
---|---|
Сору турбинасы жұмыс істемей тұр. | Желілік кабельді, желілік ашаны, сақтандырғышты, розетканы және толтыру деңгейінің датчиктерін (43) тексеріңіз. |
Басты ажыратқыш (2) "Автоматты түрде іске қосу/тоқтату құрылғысы" күйінде. Басты ажыратқышты (2) "Сору" белгісіне орнатыңыз немесе розеткаға (4) жалғанған электр құралын іске қосыңыз. | |
Сору турбинасы өшеді. | Ылғалды сору кезінде A және M жарық диодты индикаторлары баяу әрі бір уақытта жыпылықтайды. Контейнерді (1) босатыңыз. |
Құрғақ сору кезінде A және M жарық диодты индикаторлары жылдам әрі бір уақытта жыпылықтайды: сорғыштағы розетканың қатты қызудан қорғанысы іске қосылған. Электр құралын өшіріңіз. | |
Сорғыш өшеді. | Сорғыштағы розетканың максималды кернеуінен асыру себебінен сорғышқа шамадан артық жүктеменің түсуі: қозғалтқыштың қорғайтын сақтандырғышы іске қосылды. Сорғышты өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз. |
Сору турбинасы контейнер босатылғаннан кейін де жұмыс істемей тұр. | Сорғышты өшіріп, 5 с күтіңіз, 5 с кейін қайта қосыңыз. |
Толтыру деңгейінің датчиктерін (43) және датчиктердің (43) бос орнын қылшақпен тазалаңыз. | |
Сору қуаты төмендеді. | Сору саптамасын, сору құбырын, сорғыш шлангіні (30) немесе жалпақ қатпарлы сүзгіні (34) жиналып қалған кірден тазартыңыз. |
Тоқыма сүзгі қабын (33) алмастырыңыз. | |
Сүзгі қақпағын (40) дұрыс бекітіңіз. | |
Сорғыштың жоғарғы бөлігін (16) дұрыс орнатып, жапқыштарды (19) жабыңыз. | |
Жалпақ қатпарлы сүзгіні (34) тазалаңыз немесе алмастырыңыз. | |
Шаң сору кезінде шаң шығып жатыр | Жалпақ қатпарлы сүзгінің (34) дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. |
Жалпақ қатпарлы сүзгіні (34) тазалаңыз немесе алмастырыңыз. | |
Автоматты түрде өшіру құрылғысы (ылғалды сору) жұмыс істемей тұр. | Толтыру деңгейінің датчиктерін (43) және датчиктердің (43) бос орнын шүберекпен тазалаңыз. |
Толтыру деңгейін жүйелі түрде бақылаңыз. | |
Дыбыстық ескерту сигналы беріледі. | Тым төмен сору қуаты орнатылған. Сору қуатын реттегішті (11) жоғарырақ мәнге орнатыңыз. |
Дұрыс емес шланг диаметрі орнатылған. Сорғыш шлангінің дұрыс диаметрін орнатыңыз. | |
Сорғыш шланг (30) бітелген немесе бүктелген. Бітелісті немесе бүктелуді кетіріңіз. | |
Тоқыма сүзгі қабы толып қалды Тоқыма сүзгі қабын (33) алмастырыңыз. | |
Жалпақ қатпарлы сүзгі (34) ластанған. Жалпақ қатпарлы сүзгіні тазалаңыз немесе қажет болса, алмастырыңыз. | |
Жалғанған электр құралы арқылы жеткілікті ауа ағыны өтпей жатыр Бар болса: электр құралының жанама ауа саңылауын ашыңыз немесе жанама ауа саңылауы бар жарамды сору адаптерін пайдаланыңыз. | |
Бақылау электроникасы қате жұмыс істеп тұр Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. | |
Ылғалды сору кезінде дыбыстық ескерту сигналы беріледі. | Ешқандай шаралар қолдану керек емес. |
Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы жұмыс істемей тұр. | Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы, ауа ағыны белгілі бір деңгейден төмен түскенде ғана іске қосылады. Функцияны тексеру немесе сүзгіні қолмен тазалау үшін сүзгіні қолмен тазалау түймесін (9) басу арқылы қолмен басқару режиміне ауысыңыз. |
Сүзгіні қолмен тазалау функциясын іске қосу мүмкін емес. | Сорғыштың қатты қызудан қорғанысы іске қосылған. Сүзгіні қолмен тазалау түймесі (9) 10 рет қайта-қайта басылып, қатты қызудан қорғаныс іске қосылды. Қатты қызудан қорғаныс 20 с кейін автоматты түрде өшіріледі. Сүзгіні қолмен тазалау түймесі (9) 30 рет қайта-қайта басылып, қатты қызудан қорғаныс іске қосылды. Қатты қызудан қорғаныс 4 мин кейін автоматты түрде өшіріледі. Мәселе шешілмесе, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. |
Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы іске қосылмады. | Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. |