Батареяларды енгізу/алмастыру
Өлшеу құралы үшін сілтілі-марганец батареяларын немесе NiMH аккумуляторларын пайдалануға кеңес беріледі.
Батарея бөлімінің қақпағын (12) ашу үшін бекіткішті (13) басыңыз. Батарея бөлімінің қақпағын алып тастаңыз.
Батареяларды немесе аккумуляторларды салыңыз.
Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Батарея бөлімінің қақпағын (12) енгізіп, ойыққа кіргізіңіз.
Барлық батареялар немесе аккумуляторларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өңдірушінің және қуаты бірдей батареялар немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз.
- Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяларды немесе аккумуляторларды өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Өлшеу құралындағы батареялар мен аккумуляторлар ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, оларды тот басуы және заряды өздігінен таусылуы мүмкін.