Лазерді реттеу

Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін электр құралын ток көзіне жалғау керек.

Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін лазер сәулелерін тексеріп, қажетінше жаңадан реттеу керек.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы құрал қажет болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.

Тексеру (S1 суретін қараңыз)

  • Дайындамада тік кесік сызығын сызыңыз.
  • Манипуляторды қол тұтқасымен (5) баяу төмен қарай бағыттаңыз.
  • Дайындаманы ара дискісінің тістері кесік сызығымен бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
  • Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды баяу қайтадан жоғары қарай бағыттаңыз.
  • Дайындаманы қысып қойыңыз.
  • Лазер сәулесін қосқышпен (36) қосыңыз.

Лазер сәулесі манипулятор төмен бағытталса да кесік сызығының бүкіл ұзындығы бойынша дайындама үстінде орналасуы керек.

Реттеу (S2 суретін қараңыз)

Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.