Бөліктерін орнату

  • Жинақтағы құрылғы элементтерін орнату кезінде жұмысты оңтайландыру үшін электр құралының тасымалдау күйінде тұрғанына көз жеткізіңіз.

Аралау үстелінің ұзартқыштарын монтаждау (A1 суретін қараңыз)

Аралау үстелін қосымша ұзарту үшін электр құралының сол немесе оң жағында аралау үстелінің ұзартқыштарын орнатуға болады.

  • Бекіткіш бұрандаларды (43) крест ойықты бұрауыштың көмегімен аралау үстелінің ұзартқыштарынан бұрап шығарыңыз.
  • Электр құралын аударыңыз.
  • Аралау үстелінің ұзартқыштарын (16) электр құралының екі жағынан да тиісті саңылауларға тірелгенше жылжытыңыз.
  • Бекіту үшін бекіткіш бұрандаларды (43) қайтадан аралау үстелінің ұзартқыштарына бұрап кіргізіңіз.

Дайындама тіреуіштерін монтаждау (A2 суретін қараңыз)

Дайындама тіреуіштерін (17) электр құралының сол, оң немесе алдыңғы жағында орналастыруға болады. Икемді штепсельдік жүйе ұзарту немесе кеңейту нұсқаларының алуан түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді (G суретін қараңыз).

  • Қажет болса, дайындама тіреуішін (17) электр құралындағы бекіткіштерге (44) немесе екінші дайындама тіреуішінің бекіткіштеріне (45) енгізіңіз.