Көлденең еңіс бұрышын реттеу

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.

Горизонтальды стандартты еңіс бұрышын реттеу (J суретін қараңыз)

Жиі пайдаланылатын еңіс бұрыштарын жылдам әрі дәлме-дәл реттеу үшін аралау үстелінде ойықтар (15) бар:

сол жақ

оң жақ

45°; 22,5°; 15°

15°; 22,5°; 45°

  • Бекіткіш тетік (12) тартылған болса, оны босатыңыз.
  • Бұғаттау түймесін (11) төмен басып, аралау үстелін (29), бұрыш индикаторы (14) қажетті стандартты көлденең еңіс бұрышын көрсеткенше, бекіткіш тетігінен солға немесе оңға бұраңыз.
  • Бұғаттау түймесін (11) қайтадан жіберіңіз. Аралау үстелі ойыққа шерту дыбысымен тірелуі керек.
  • Бекіткіш тетікті (12) қайтадан тартыңыз.

Кез келген көлденең еңіс бұрышын реттеу

Көлденең еңіс бұрышын 47° (сол жақ) және 52° (оң жақ) аралығындағы диапазонда реттеуге болады.

  • Бекіткіш тетік (12) тартылған болса, оны босатыңыз.
  • Бұғаттау түймесін (11) төмен басып, аралау үстелін (29), бұрыш индикаторы (14) қажетті көлденең еңіс бұрышын көрсеткенше, бекіткіш тетігінен солға немесе оңға бұраңыз.
  • Бұғаттау түймесін (11) қайтадан жіберіңіз.
  • Бекіткіш тетікті (12) қайтадан тартыңыз.