Жұмыс істеу бойынша нұсқаулар
- Жұмыс аяқталғаннан кейін кескіш дискіге суығанша тимеңіз. Кескіш диск жұмыс істеген кезде қатты қызады.
- Ұшқындардан қорғайтын табаның (17) дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Металды ажарлау кезінде ұшқындар пайда болады.
Кескіш дискілерді соқтығысудан, соққыдан және майдан қорғаңыз. Кескіш дискілерге бүйірлік қысым түсірмеңіз.
Электр құралына толық тоқтайтындай артық жүктеме түсірмеңіз.
Тым қатты беріліс электр құралының өнімділігін төмендетіп, кескіш дискінің қызмет ету мерзімін қысқартады.
Тек өңделетін дайындамаға сәйкес келетін кескіш дискілерді пайдаланыңыз.
Қорғасын бояу, минералдар және металдар сияқты кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Шаңның тиюі немесе жұтылуы пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Белгілі бір металл шаңы, әсіресе мырыш, алюминий немесе хром сияқты қорытпалармен бір тіркесте қауіпті болып табылады. Асбест қамтитын материалды тек қана техник мамандар өңдеуі керек.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілгеніне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі класындағы респираторды пайдалануға кеңес беріледі.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.
Кескіш диск шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтарының салдарынан тірек тақтасының (11) ойығында бұғатталуы мүмкін.
- Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан суырып алыңыз.
- Кескіш диск толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
- Кіші дайындамалар арнайы саңылауға түсуі үшін электр құралын артқа төңкеріңіз.
Барлық дайындамаларды алып тастау үшін тиісті аспапты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
- Қажет болғанда қалаулы көлденең еңіс бұрышын орнатыңыз.
- Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
- Электр құралын қосыңыз.
- Манипуляторды қол тұтқасымен (2) баяу төмен бағыттаңыз.
- Дайындаманы бірқалыпты жылжытып кесіңіз.
- Электр құралын өшіріп, кескіш диск толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
- Манипуляторды баяу жоғары бағыттаңыз.