Құралды алмастыру (B суретін қараңыз)
- Аспап алмастыру кезінде қорғау қолғабын киіңіз. Бұрғы патроны ұзақ уақытты жұмыс әдістерінде қатты қызып кетуі мүмкін.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (1) құрал енгізілгенше бұрап ашыңыз.
Құралды енгізіңіз.
Бұрғылау патронының кілтін (6) тісті тоғыны бар бұрғылау патронының (1) тиісті саңылауларына енгізіп, құралды біркелкі етіп қысыңыз.
Бұрауыш құралдар (C суретін қараңыз)
Қондырма биталарды (8) пайдаланғанда әрқашан әмбебап ұстағышты (9) пайдаланыңыз. Тек шуруп басына жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз.