Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.
- Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
- Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып қойыңыз.
- Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
- Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
- Алюминийді аралау кезінде өрт қаупінің алдын алу үшін жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды босатып, жоңқа сорғышты пайдаланбаңыз.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды босату (g суретін қараңыз)
Дайындаманың сынықтарын және үлкен жоңқаны шығару үшін жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (31) босатуға болады.
- Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан суырып алыңыз.
- Ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
- Бекіткіш бұранданы (45) алты қырлы дөңбек кілтпен (21) босатыңыз.
- Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (31) тартып шығарыңыз да, дайындама сынықтары мен жоңқаны шығарыңыз.
- Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды электр құралына қайтадан орнатыңыз.
Сыртқы сорғыш (h суретін қараңыз)
Жеткізілім жинағындағы сору адаптерін (32) шаңсорғышты жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (31) жалғау үшін пайдаланыңыз.
- Сору адаптерін (32) және шаңсорғыш шлангісін мықтап енгізіңіз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.