Өлшеу құралын орнату/туралау
Штативті тұрақты әрі төңкерілуден немесе сырғып кетуден бекітілген күйде орнатыңыз. Өлшеу құралын штатив бекіткішімен (13) штативтің ирек оймасына орнатып, өлшеу құралын штативтің бекіткіш бұрандасымен бұрап бекітіңіз.
Штативті шамамен туралаңыз.
Қысқа қашықтықтарға өлшеу құралын штативке монтаждап тасуға болады. Өлшеу құралына зақым келтірмеу үшін штативті тасымалдау кезінде тігінен ұстап тұру және, мысалы, иыққа ұзақ уақытқа қоймау керек.
Өлшеу құралын тіреуіш бұрандалардың (12) көмегімен, ауа көпіршігі шарлы ватерпастың (7) ортасында орналасатындай туралаңыз.
Екі тіреуіш бұранданың (A және B) бірін бұрау арқылы ауа көпіршігін осы екі бұранданың арасындағы ортаңғы күйге келтіріңіз. Содан кейін ауа көпіршігі шарлы ватерпастың ортасында орналасқанша, үшінші тіреуіш бұранданы (C) бұраңыз.
Шарлы ватерпасты теңдестіргеннен кейін, өлшеу құралының көлденең сызықтан қалған ауытқулары компенсатор арқылы тураланады.
Жұмыс барысында ауа көпіршігінің шарлы ватерпастың ортасында орналасқанын жүйелі түрде (мысалы, оптикалық ватерпасқа (3) қарау арқылы) тексеріп тұрыңыз.
Объективтен (1) қорғаныш қалпақшаны алып тастаңыз.
Көру түтігін ашық нысанға бағыттаңыз немесе объектив (1) алдында ақ қағаз парақты ұстаңыз. Айқасу анық әрі қара болып көрінгенше, окулярды (6) айналдырыңыз.
Көру түтігін төрткілдешке бағыттаңыз (қажет болса, шамамен дәлдеу визирінің (2) көмегімен). Фокустау түймесін (16), төрткілдештің бөліну өрісі анық көрінгенше айналдырыңыз. Бүйірлік дәл жетекті (14) айналдыру арқылы айқасуды төрткілдештің тура ортасымен туралаңыз.
Көру түтігін дұрыс фокусталған жағдайда, көз окуляр артында қозғалған кезде, айқасу және төрткілдеш кескіні бір-біріне қарай қозғалмауы керек.