Жұмыс істеу қағидасы (B суретін қараңыз)

Өлшеу құралы арқылы датчик аймағының (17) астыңғы беті A өлшеу бағытымен максималды анықтау тереңдігіне дейін зерттеледі.

Әр өлшеу процесі кезінде металл заттар (мысалы, мыс құбыр немесе арматуралық болат) және кернеулі сымдар (50–60 Гц) автоматты түрде ізделеді.Растау үшін Металл/ток (4) түймесі жанады.

Сондай-ақ гипс-қатырмалардан ағашты табу үшін, Ағаш түймесін (5) басыңыз. Функция Ағаш түймесінің (5) жануымен расталады. Ағашты іздеу функциясын өшіру үшін, Ағаш түймесін (5) немесе Металл/ток (4) түймесін басыңыз, нәтижесінде Ағаш түймесі (5) өшеді.

Нұсқау: ағашты іздеу функциясын тек ағаш негізді гипс-қатырмаларды іздеу үшін қосыңыз.Басқа беттерде өлшеу нәтижесі ерекшеленуі мүмкін.

Өлшеу құралын зерттелетін бетке қойыңыз. Жарық сақинасы (1) өлшеуге дайындықты көрсету мақсатында жанады.

Өлшеу құралын тұтқа бетінен (8) біркелкі берік ұстап тұрыңыз.Тұтқаны өлшеу барысында өзгертпеңіз, әсіресе датчик аймағына (17) жанаспаңыз.

Өлшеу құралын әрдайым көтермей немесе қысу күшін өзгертпей, сәл басу арқылы астыңғы беттің үстінен B бағыты бойынша тігінен жылжытыңыз. Өлшеу құралының қозғалысы негізінен ізделетін нысанға көлденең болуы керек. Егер қабырғадағы нысанның бағытын білмесеңіз, онда көлденең айқас өлшем жасаңыз (C суретін қараңыз).

Арқауланған болат тордың орнын анықтау бойынша нұсқау: өлшеу құралы алдымен бұл ішінде арқауланған болат тор бар астыңғы бет екендігін анықтауы керек. Ол үшін өлшеу құралын өлшеу алдында астыңғы бет үстінен шеңбер бойынша (диаметрі > 30 см) жылжытыңыз. Содан кейін өлшеу құралын астыңғы беттен көтермей, өлшеуді әдеттегідей орындаңыз. Ең қолайлы жағдайда қиылысу нүктесі мен арқауланған болат тордың ұяшығы үстінен өткізіледі.

Орналасу индикаторлары:

  • Датчик аймағында ешқандай нысан анықталмаса, Жарық сақинасы (1) жасыл түспен жанады. Өлшем индикаторы (b) бос және ешқандай дыбыстық сигнал берілмейді.
  • Өлшеу құралы нысанға жақындаған жағдайда, Жарық сақинасы (1) қызыл түспен жанады. Жақындаған сайын өлшем индикаторындағы (b) ауытқу артады және дыбыстық сигнал ырғағы жылдамдай түседі.
  • Нысан ортасынан өлшем индикаторы (b) максималды өлшеу ауытқуын көрсетеді, нысан ортасының индикаторы (a) жанады және ұзақ дыбыс беріледі.Жарық сақинасы (1) қызыл түспен жанып тұрады.
  • Өлшеу құралы нысаннан алынып тасталса, нысан ортасының индикаторы (a) өшеді, өлшем индикаторындағы (b) ауытқу төмендейді және сигналдық дыбыстық ырғағы баяулайды.

Алғашқы жылжыту кезінде нысанның ортасы мен жиектері шамамен көрсетіледі.
Сонан соң нысанның ортасын нақты анықтау үшін өлшеу құралын, нысан қайта көрсетілгенше, нысанға қарай көтермей жылжытыңыз (нысан ортасының индикаторлары (a) жанады).
Нақты нысан жиектері үшін өлшеу құралын нысан ортасынан, жарық сақинасының (1) қызыл түспен жануы тоқтағанша, тігінен жылжытыңыз.

Белгілеу саңылауы (2) өлшеу ортасының үстіңгі жаңында орналасқан.Бұл жерде нысанның ортасын немесе жиектерін қажетінше белгілеуге болады.

Нұсқау: нысанды белгілеу саңылауы (2) арқылы белгілегеннен кейін (мысалы, қарындашпен) жаңа өлшеуді бастау қажет, себебі қарындаш өлшемге әсер етуі мүмкін.

Анықталған нысанның түрі дисплейде көрсетіледі:

(h)

магниттік емес металл (мысалы, мыс құбыр)

(g)

магниттік металл (мысалы, арматуралық темір)

(f)

кернеу өткізгіш, мысалы, ток сымы

(e)

металдан жасалмаған, мысалы, ағаш арқалықтар

  • Сым кернеу астында болуы тиіс. Сондықтан қуат тұтынушыларын (мысалы, шамдар, құрылғылар) іздеу өткізілетін қуат сымына жалғаңыз. Қуат сымының кернеу астында болғанына көз жеткізу үшін қуат тұтынушыларын қосыңыз.
  • Ток сымының 50–60 Гц сигналы өлшеу құралына жетуі қажет. Егер сым ылғалды қабырғаларда (мысалы, ауа ылғалдылығы > 50%), металл үлдірлердің (мысалы, жылу оқшаулағыштар) артында немесе металл қорғаныш құбырда орналасса, сигналы өлшеу құралына жетпейді және сымды анықтау мүмкін болмайды.
  • Өлшеу құралы жақсы жерге тұйықталған болуы тиіс. Ол үшін тұтқа бетінен (8) (қолғапсыз) берік ұстаңыз. Жермен жақсы байланыстың бар болғанына көз жеткізіңіз. Оқшауланған аяқ киім, саты немесе платформалар байланысқа кедергі келтіре алады. Еденнің өзі жерге тұйықталған болуы тиіс, әйтпесе сымның орнын анықтау мүмкін болмайды.
  • Ток сымының 50–60 Гц сигналы сым арқылы тікелей қоршаған ортадан күшті болуы тиіс. Егер қабырға тым дымқылнемесе нашар жерге тұйықталған болса, сигнал бүкіл қабырға бойынша бірдей күшке ие болады. Сонда өлшеу құралы үлкен аймақ бойынша сигналдың табылғанын көрсетеді, алайда сымның орнын дәл анықтау мүмкін болмайды.
    Мұндай жағдайда сигналды қабырғадан ығыстыру үшін бос қолыңызды қабырғадағы өлшеу құралынан 20–30 см аралықта ұстау көмектесуі мүмкін. Дегенмен өлшеу процесі кезінде бос қолдың орнын өзгертуге болмайды.
  • Әртүрлі фазалардың сигналы бірін-бірі бейтараптандыратындықтан, көпфазалы ток сымдары (айнымалы ток немесе жоғары кернеулі ток ретінде белгілі) кернеу өткізгіш сым ретінде анықталмайды.Көпфазалы ток сымдарын таяз тереңдікте, бірақ металл зат ретінде табуға болады.
  • Белгілі бір тақтайлар сияқты ток өткізгіш қабырға үсті ток сымдарының көрсетілмеуіне және Жарық сақинасының (1) үлкен аймақта қызыл түспен жануына әкелуі мүмкін.
  • Көлденең жатқан ток сымдарын (ең көбі 2–3 см тереңдікке дейін) металл зат ретінде көрсетуге болады. Дегенмен бұл шиыршықталған кабельге қатысты емес.
  • Қабырғаларда, төбелерде немесе едендерде бұрғылау, аралау немесе фрезерлеуден бұрын ток тұтынушыларын өшіріп, ток өткізгіш сымдарды ажыратыңыз. Барлық жұмыстардан кейін астыңғы бетте тұрған заттар кернеу көзіне қосылмағанын тексеріңіз.

  • Ағашты іздеу функциясы іске қосулы болған кезде, сумен толтырылған пластик құбырлар, ток кабелі немесе газ құбырлары сияқты басқа заттар металл емес зат ретінде көрсетіледі. Бұрғылау, аралау немесе жонғылау алдында басқа ақпарат көздерін тексеріп, оның басқа зат емес, ағаш арқалықтар екенін тексеріңіз (мысалы, пластикалық құбыр, ток кабелі, газ құбыры).
  • Табандағы шегелер мен бұрандалар ағаштар метал нысан ретінде көрсетілуіне алып келуі мүмкін.
  • Жалпақ нысандарды Жарық сақинасының (1) кең аймақта жануынан анықтауға болады.Жалпақ нысандар толық көлемде көрсетілмейді.
  • Қабырғаны бұрғылау, аралау немесе фрезерлеуден бұрын басқа ақпарат көздері арқылы қауіптерден сақтануыңыз қажет. Өлшеу нәтижелеріне қоршаған орта әсерлері немесе қабырға сипаты әсер ете алатындықтан, өлшеу индикаторы (b) датчик аймағында ешбір нысанды көрсетпеуі, дыбыстық сигнал берілмеуі және жарық сақинасы (1) жасыл түспен жанып тұруы мүмкін.